Бүгінде Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтингінде 24-орында. eGov құрылды, көпшілікке арналған қызметтердің едәуір бөлігі онлайн форматта қолжетімді, мобильді формат дамып келеді. Сондықтан Мемлекет басшысы белгілеген жасанды интеллектіні ауқымды енгізу бағыты цифрлық дамудың келесі кезеңіне айналуы заңды.
Осыған байланысты бүгінгі Үкімет отырысында мәселе кеңірек қойылды — жекелеген электрондық сервистерді дамыту емес, жасанды интеллект негізінде мемлекеттік қызметтер экожүйесін қалыптастыру.
Оның элементтері қазірдің өзінде құрылуда: QazTech бірыңғай технологиялық негіз қалыптастырады, eGov 3.0 қызметтердің өзін жеңілдетеді, eGov GPT азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимыл тәсілін өзгертеді, AI-офистер ХҚКО жұмысын трансформациялайды, ал eGov Business кәсіпкерлерге арналған сервистерді біріктіреді.
Ендігі басты тиімділік көрсеткіші — әзірленген ақпараттық жүйелердің саны да, тіпті онлайн көрсетілетін қызметтердің саны да емес. Цифрлық мемлекет оның азаматтар мен бизнеске қанша уақыт үнемдейтінімен өлшенуі тиіс.
Нәтижеге қол жеткізу үшін өтініштер, анықтамалар, кезектер, қолмен келісу процестері мен артық әрекеттер неғұрлым аз қажет болса, цифрлық трансформация соғұрлым табысты болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1279131?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау