ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЗХАН ИСМАИЛОВ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ТАРИХИ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов №280 «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» МКҚК-нің сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Аудан басшысы ел болашағы үшін маңызды саяси науқанда әр азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтіп, тұрғындарды белсенділік танытып, азаматтық борыштарын орындауға шақырды.
Жалпы Қазығұрт ауданында 61 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Аудан бойынша дауыс беруге құқылы азаматтардың саны 65 525-ті құрайды. Барлық учаскелер таңғы сағат 7:00-ден бастап өз жұмысын бастап, тұрғындар өз таңдауларын жасап жатыр.
Қазығұрт ауданында тұрғындарының құрылтай сайлауына деген белсенділігі жоғары. Аудан халқы ел болашағына бейжай қарамай, саяси науқанға белсенді қатысуда.
Айта кетейік, қазіргі сайлау 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Конституциядан кейін алғаш рет өтіп жатыр. Конституциялық реформаға сәйкес, Қазақстан қос палаталы Парламент моделінен жаңа бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтайға көшті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1278671?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version