Түркістан облысындағы барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-ден өз жұмысын бастады. Барлық учаскелер қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтылған.
Айта кетейік, өңірдегі сайлау учаскелерінің жалпы саны – 952, оның ішінде 26 учаске жабық нысандарда орналасқан. Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар 14 873 сайлаушы үшін де дауыс беруге қолайлы жағдай қарастырылған.
Жалпы Түркістан облысында 1 204 659 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл облыс халқының 56 пайызын құрайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1278761?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау