Қызметке дайындық емтиханға дайындықтан басталады
Болашақ полиция қызметкерлері ШҚО ПД-ның Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы ұйымдастырған оқу интенсивінде өз білімдерін тексеріп, күрделі тест тапсырмаларын орындау дағдыларын пысықтады.
Кандидаттар негізгі нормативтік-құқықтық актілерді талдап, ҚР ҚК, ҚПК, ӘҚБтК және ӘРПК нормаларын ажыратуды үйренді. Сондай-ақ күрделі тест тапсырмалары мен кейстерді шешу тәсілдерін тәжірибе жүзінде қолданды.
Интенсивтің жеке бөлімін аға инспектор-психолог өткізді. Кандидаттар емтихан алдындағы қобалжуды жеңуге, зейінді сақтауға және толқудан болатын қателіктерге жол бермеуге көмектесетін өзін-өзі реттеудің практикалық әдістерін меңгерді.
Мұнда тек білім ғана емес, болашақ қызметте қажет болатын сенімділік те шыңдалды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1278751?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау