ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ТЕННИСШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкентте теннистен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогы басталды. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі «Билайн Арена» спорт кешенінде өтті.

Қазақстан кубогы биыл 10 жылдық тарихын қорытындылайтын мерейтойлық жарыс ретінде өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстанның барлық өңірінен 18 команда қатысуда.

Жарыс бағдарламасына ұлдар мен қыздар арасындағы жекелей және жұптық ойындар енгізілген. Жас спортшылар рейтингілік ұпай үшін бақ сынап, ұлттық құрама сапына іріктелетін болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған дейін Қазақстан кубогына қатысқан бірқатар жас теннисші халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүр. Сондықтан турнир жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, кәсіби спортқа қадам басуына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жарыс «Билайн Арена» корттарында жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1279148?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version