Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары балалар сауықтыру лагерьлерінде профилактикалық іс-шаралар өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Taзa Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстың қадағалау органы барлық балалар лагерьлерінде кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Балалар үшін құқықтық тәртіпті нығайтуға, құқықтық және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған тақырыптық кездесулер, дәрістер, интерактивті оқулар, викториналар мен конкурстар ұйымдастырылады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар жарақаты және су айдындарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ экологиялық жауапкершілік пен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Аталған профилактикалық жұмыс жазғы маусым ішінде мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар өкілдерінің қатысуымен, әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен жүргізілді.

Іс-шаралармен бір жарым мыңнан астам бала қамтылды.

Жүргізілген іс-шаралар балалардың қауіпсіз және ұйымдастырылған демалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қорытындысы бойынша балалар жарақатының және су айдындарында балалардың қайтыс болу фактілері бірқатар азайды.

Сонымен бірге, ағымдағы  жаздың қорытындысы бойынша балалар сауықтыру лагерьлерінің аумағында құқық бұзушылықтар орын алмағандықтарын атап өткен жөн.

                           Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1279200?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version