Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 37 жоғары оқу орны бар, олардың құрамында 62 студенттік жатақхана жұмыс істейді. Сонымен қатар, Департаменттің бақылауында 86 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы бар, олардың құрамында 14 жатақхана орналасқан.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес студенттер тұратын жатақханалар эпидемиялық маңызы жоғары объектілер қатарына жататындықтан, халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы Санитариялық эпидемиологиялық қорытындысы болуы қажет.
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығында студенттік жатақханаларға негізгі талаптар көзделген, атап айтсақ:
– білім алушылар мен тәрбиеленушілердің саны объектінің жобалық сыйымдылығынан аспауы тиіс. Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылардың саны жалпы санға енгізілмейді;
– жыл сайын объектіде ағымдағы жөндеу жүргізіледі;
– барлық үй жайлардың төбелері мен қабырғалары тегіс, саңылаусыз, жарықшағы жоқ, бүлінбеген, грибоктармен зақымдану белгілерінсіз болуы тиіс;
– қалыпты режимде пайдаланылатын үй-жайлардағы қабырғалардың, еденнің, жабдықтың беті ылғалды тәсілмен жинауға жол беретіндей тегіс, күңгірт болады;
– ылғалды режиммен жұмыс істейтін үй-жайлардың (медициналық мақсаттағы, ас блогы, санитариялық тораптар, кір жуу, жуыну орындары) қабырғаларын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды тәсілмен жинауға жол беретін тақтаймен немесе ылғалға төзімді басқа материалдармен, кемінде 1,5 м биіктікке, себезгі бөлмелерінде кемінде 1,8 м биіктікке қаптайды;
– терезе әйнектері, электр шамдардың плафондары және сыртқа тарту желдету жүйесінің жалюзді торлары таза ұсталады;
– барлық үй-жайлар таза ұсталады. Ас блогын және дәретханаларды күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жинайды. Дәретханаларда еден, есік тұтқалары, кранның құлақтары, раковиналар және унитаздар күн сайын дезинфекциялауға жатады;
– объектілерде дератизациялау және дезинсекциялау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Жәндіктердің, кенелердің және басқа да буынаяқтылар мен кеміргіштердің болуына жол берілмейді;
– тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған қоқыс жинағыштар шаруашылық аймақтағы үш жағынан қоршалған тазалау және дезинфекциялау үшін қолжетімді, су өткізбейтін төсемі бар алаңға орнатылады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) тазаланады, жуылады және дезинфекцияланады;
– тұратын бөлмеде 1 адамға кемінде 6 м2 аудан көзделеді;
– үй-жайлар олардың функционалдық мақсаттарына сәйкес жиһазбен жабдықталады. Төсек-орын жабдықтары, жаңа және ескі киімдер мен аяқ киімдер, қатты мүкәммал қорларын сақтау үшін қойма үй-жайлары көзделеді;
– төсек-орын жабдықтарын, орамалдарды ауыстыру ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі. Лас киім-кешек кір жуатын орынға қаптармен (клеенкалы және мата) жеткізіледі. Матадан тігілген қаптар жууға тапсырылады, клеенкалы қаптар қолдануға рұқсат етілген жуу құралдарымен өңделеді. Таза киім-кешек жуылған қаптарда жеткізіледі. Төсек-орын жабдықтары жылына кемінде бір рет камералы дезинфекциялауға жатады;
– бір жатын орынға кемінде үш төсек-орын жабдығының болуы көзделеді;
– кір жуу объектінің кір жуатын орнында жүзеге асырылады, таза және лас киім-кешектің қарама-қарсы ағыны болмайды. Кір жуатын орын болмаған жағдайда кір жуу басқа кір жуатын орындарда бір орталықтан жүргізіледі;
– ғимараттың бірінші қабатында изоляторы бар медициналық пункт көзделеді, сондай-ақ 4-6 адамға 1 себезгі, 1 қол жуатын раковина және 1 унитаз орнатылады. Әйелдердің жеке гигиенасы кабинасы 50 адамға шаққанда 1 кабина есебінен көзделеді және унитазбен, бидемен, себезгімен және қол жуатын раковинамен жабдықталады;
– объектіде нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1279113?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау