20–21 тамыз аралығында елді мекен аумағында республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар барысында акимат ғимаратының маңындағы аумақ тазаланып, жаяу жүргіншілер жолдары мен кіреберіс бөліктері сыпырылды. Сонымен қатар ұсақ қоқыстар жиналып, аумақтағы кедергі келтіретін тастар мен бөгде заттар алынды. Гүлзарлар мен жасыл желектердің айналасы тазартылып, қоғамдық аумақты ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар елді мекеннің тазалығы мен тәртібін сақтау, аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыру мақсатында атқарылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасуда. Бағдарлама тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, тазалықты сақтауға және туған өлкені абаттандыруға белсенді қатысуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1278781?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау