«Түркістан облысының ветеринария басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан  қаласы                                                              2026 жылғы 26 маусым

 

          Осы талдамалық анықтамаға қол қоюшы жұмысшы топпен, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Түркістан облысы ветеринариялық іс-шараларды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру бөлімі, энзоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі, 2026 жылғы 05 мамырдағы №29-н/қ бұйрығы негізінде             14.05.2026-26.06.2026 жж аралығында басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:

1) Басқарманың қызметін қозғайтын сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстарды, оларды болдырмау мен алдын алу бағытын анықтау;

2) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

3) Мүдделер қақтығысын реттеу;

4) Мемлекеттік қызмет көрсету;

5) Рұқсат беру функцияларын іске асыру;

6) Бақылау функцияларын іске асыру;

7)Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талдамалық анықтама:

1) Басқарма бөлімдерінің біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пен нормалар анықталмады;

2) Басқармада 2025-2026 жж аралығында жеке құрам, негізгі қызмет, іс-сапарлар және келісімшарт бойынша заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.

3) Басқарма қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмады;

4) Басқарманың кұзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету функциялары кіреді;

Бөлімдер атауы

Функциялар саны

1

Ветеринариялық іс-шараларды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру бөлімі

1

2

Энзоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі

0

Барлығы

1

 

5) Рұқсат беру функциялары бойынша: 2026 жылдың І–тоқсанында рұқсат беру бойынша 2 өтініш келіп түсіп, барлығы қанағаттандырылған;

6) Бақылау функциялары кірмейді;

7) Мемлекеттік сатып алулар:

  1. Ветеринариялық іс-шараларды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру бөлімі бойынша:
  2. 1. «Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған және қайта өңделген жануарлардың жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» 011 бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңының 10-бабының 4-6 тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 30 қазандағы «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» №7-1/559 бұйрығына сәйкес 24 468,0 мың теңге қаржы қаралып, 8 970,0 теңге игерілді. Қалған қаржыны жыл соңына дейін игеру жоспарлануда.

         Күтілген нәтиже халық арасында сарып ауруының таралуының алдын алу.

  1. «Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру» 009 бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңының 10-бабының 4-8 тармағына сәйкес 206,0 мың теңге қаржы қаралып толық игерілді. Күтілген нәтиже халық арасында сарып ауруының таралуының алдын алу.
  2. «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» 014 бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңының 10-бабының 1 тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы қазандағы «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» №7-1/587 бұйрығына сәйкес 8 104 146,0 млн теңге қаржы қаралып, ТО ВБ «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК келісім шарт жасалып, 4 641 530,3 млн теңге қаржы игерілді. Қалған қаржыны жыл соңына дейін игеру жоспарлануда.

         Күтілетін нәтиже ауыл шаруашылығы жануарлары арасында түрлі жұқпалы ауруларды болдырмау болып табылады.

  1. 4. «Уақытша ұстау пунктына ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызметтер» 028 бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңының 10-бабының 4-8 тармағына сәйкес 24 056,0 мың теңге қаржы қаралып, қаржының 108,0 мың теңгесі игерілді, қалған қаржыны жыл соңына дейін игеру жоспарлануда.

         Күтілген нәтиже халық арасында сарып ауруының таралуының алдын алу.

  1. 5. «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу» 013 бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңының 10-бабының 1 тармағының 11-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы «Ветеринариялық қағидаларды бекіту туралы» №7-1/68 бұйрығына сәйкес,               35 045,0 мың теңге қаржы қаралып, қаржының 14 602,1 мың теңгесі игерілді. Қалған қаржыны жыл соңына дейін игеру жоспарлануда.
  2. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты орталықтандырып сатып алу және оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасыфмалдау (жеткізу)» 031 бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңының 10-бабының 1 тармағының 11-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы «Ветеринариялық қағидаларды бекіту туралы» №7-1/68 бұйрығына сәйкес, 359 064,0 мың теңге қаржы қаралып, 104 410,0 мың теңге игеріліп, қалған қаржыны жыл соңына дейін игеру жоспарлануда.

         Нәтижесінде адамдар мен жануарлар арасында аса қауіпті аурулардың алдын-алу және мал ұрлығын болдырмау бойынша жұмыстар атқарылады.

  1.         Энзоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі.
  2. «Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырып сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдануы (жеткізуді) ұйымдастыру» 030 бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңының 10-бабының 14 және 17-3 тармақтарына және Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы  министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар» сәйкес 733 242,0 мың қаржы қаралып, 430 614,0 мың теңге игеріліп, қалған қаржыны жыл соңына дейін игеру жоспарлануда.

         Күтілетін нәтиже малдар арасында аурушаңдықты болдырмау.  

  1. «Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу» 012 бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңының 10-бабының 14 және 17-3 тармақтарына және Түркістан облысы Әкімдігінің 2019 жылғы15 ақпандағы «Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» №15 ақпандағы қаулысына сәйкес 110 727,0 млн қаржы қаралып,  жыл соңына дейін игеру жоспарлануда. Күтілетін нәтиже малдар арасында аурушаңдықты болдырмау.
  2. «Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру» 033 бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңының 10-бабының 1 тармағына сәйкес, 13 176,0  мың теңге қаржы қаралып, 4 155,9 мың теңге қаржы игеріліп, қалған қаржы жыл соңына дейін игеру жоспарлануда.  Нәтижесінде құтыру ауруының алдын-алу бойынша жұмыстар атқарылды.
  3. «Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп ұстауды қамтамасыз ету» 008 бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңының 10-бабының 4 тармағы және 2 тармақшасына сәйкес, 3 776,0 мың теңге қаржы қаралып, қаржыны жыл соңына дейін игеру жоспарлануда.

         Нәтижесінде адамдар мен жануарлар арасында аса қауіпті аурулардың лдын-алу бойынша жұмыстар атқарылды.

  1. «Ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» 015 бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңының 11-бабының 4 тармағына, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 3 904 500,0 мың теңге қаржы қаралып, қаржыны жыл соңына дейін игеру жоспарлануда. Күтілген нәтиже халық пен ауылшаруашылығы жануарлары  арасында аса қауіпті аурулардың алдын алу үшін қажетті мамандарды қызметтік үй жаймен және мал өлексесін тастайтын орынмен қамтамасыз ету.

         Жергілікті ветеринариялық ұйымдар облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аса қауіпті аурларға қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар бүгінгі таңда жоспарға сәйкес, мерзімінде орындалуда.

            Түркістан облысында ветеринария саласында  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларын жою және анықталған проблемалық мәселелерді шешу мақсатында, Түркістан облысы ветеринария басқармасының атқарылып жатқан жұмысы туралы басқарманың ресми интернет – ресурсына және әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялау тұрақты түрде жүргізілуде.

         Сонымен қатар, ветеринария жүйесін реформалау шеңберінде процестерді цифрландыру, деректерді жинау мен беруді автоматтандыру бөлігінде бастапқы және нақты деректерді тікелей автоматты режимде негізгі ақпараттық жүйелерге жіберуге мүмкіндік беретін жаңа модульдер мен қосымшалар әзірленді.

         Пилоттық режимде 6 модуль жұмыс істейді: «VetLab» (диагностикалық зерттеулер үшін) «RPO» (саламатсыз пунктер бойынша деректерді беру үшін), «Процессинг орталығы» (құлақ сырғаларының есебін жүргізу), «ВСС» (мал сою объектілеріне), «ISZH-mobile» (ветеринариялық дәрігерлерге), «TortTulik» мобильді қосымша (жануарлар иелеріне)

            Бүгінгі күні бүрын іске қосылған «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «АШЖБ» АЖ) ішкі жүйелеріне жаңартулар енгізілген, мысалы «VetLab» және «RPO» жүйесінде зерттеулердің оң нәтижесі автоматты түрде ашу/блоктауды енгізу бөлігінде жүйелерді нақтылау, «Еттің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы» модулінде («ВСС» модулі) БАБЖ-мен 2 нысанды анықтаманы автоматты түрде қалыптастыру бөлігі пысықталды.

         Сонымен қоса, жануардың жеке нөмірінің (ЖЖН) қайталануын болдырмау, құлақ сырғаларының жұмсалуын бақылау, жеткізушілерге жедел беру үшін автоматты түрде цифрлық разрядтарды генерациялау және сәйкестендіру үшін және эмиссиялық нөмірлерді алу рәсімі ұзақтығының алдын алу үшін «Процессингтік орталық» модулі пилоттық режимде іске қосылды.

         Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап PlayMarket платформасында ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымша 1,3 миллион ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне мобильді қосымша (ауыл шаруашылығы жануарларын қоғамдық есепке алу) арқылы «АШЖБ» АЖ деректерін жаңартуға және өздерінің ауыл шаруашылығы жануарларын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл қосымшада мал иелері малдардың төлдеуіне байланысты, импортқа байланысты, жануарларды бір КАТО ішінде сатып алу және сату, жеке тұтыну үшін сою, мемлекеттік қызметтер, жануарларды есепке алу, ауыстыру (ЖЖН) жағдайлары бойынша жануарды тіркеуге өтінім жіберу функцияларына қол жеткізе алады. Пилоттық жоба кезінде мобильді қосымша жетілдіріледі және жаңартылады.

         Бұдан басқа, тиісті НҚА-ға өзгерістер енгізілгеннен кейін республика бойынша ветеринариялық дәрігерлерге арналған тесттен өткен «ISZH-MOBILE» мобильді қосымшасын іске қосу жоспарлануда, онда: жануарлар бойынша мәліметтерді есепке қою, есептен шығару және қарау; алынған қан сынамалары бойынша тізімдерді жасау, жануарларды диагностикалық зерттеу жүргізу үшін ілеспе хатты және электронды форматта қан алу актісін ресімдеу (РВЗ-ның тізімінің тізілімі); оларды одан әрі «оффлайн» режимінде пайдалану үшін жануарлар бойынша деректерді жүктеу қарастырылған.

         Реформада ветеринария саласын цифрландыру бөлігінде қан алу, вакцинация жүргізу кезінде ветеринарлық дәрігердің іс-әрекеттерін толық қадағалауды, ветеринарлардың жұмысын жеңілдетуді, қағазбастылықты азайтуды, автоматты режимде бастапқы, сенімді деректерді алу мүмкіндігін, сондай-ақ жануардың туылған сәттен бастап союға немесе есептен шығаруға дейін қадағалануы көзделген.

         8) 2026 жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша басқармаға 327 өтініш түскен. Өтініштер, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» талаптарына сәйкес қаралып, жауап берілген. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалмаған.

         9) Басқарманың қарамағындағы ұйым – Түркістан облысы ветеринария басқармасы «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.

                       

Қорытынды:

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізудің нәтижесінде төмендегіше тәуекелдер анықталды.

  1. 1. Түркістан облысы ветеринария басқармасы «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшы құрамы арасында Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 06 сәуірдегі №55 қаулысымен бекітілген ТО ВБ «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК Жарғысына сәйкес кәсіпорын қызметкерлеріне берілген сыйақыларды қайта жинап алу және кейбір қызметкерлеріне артықшылық беріп, сыйақы мөлшерін жоғарылату бойынша тәуекелдерге баруы мүмкін.
  2. Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңының 10-бабының 1 тармағына сәйкес, 040 «Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау үшін, қызметкерлердің жеке қорғану заттарын, аспаптарды, құралдарды, техниканы, жабдықтарды және инвентарды орталықтандырып сатып алу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу тәсілімен конкурс өткізіледі.

         Бұл рәсімдер облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы жүзеге асырылады. Конкурс нәтижесінде анықталған жеңімпаз мердігермен ветеринария басқармасының бюджеттік бағдарламаға жауапты маманы арасында сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау үшін, қызметкерлердің жеке қорғану заттарын, аспаптарды, құралдарды, техниканы, жабдықтарды және инвентарды қабылдау кезінде байланыс орнайды. Екі жақты байланыс кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері орын алуы мүмкін.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша келесі ұсынылады:

  1. Басқарма және кәсіпорын қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын-алу үшін барлық қолда бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  2. Бюджеттік бағдарламасын жүргізуге қатысты құжаттар (орындалған жұмыстардын актілері, басқа да құжаттар) электронды құжаттар айналымының бірыңғай жүйесінде тіркету (Кеңсе арқылы тіркелу). 
  3. Түркістан облысының ветеринария басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-veterinaria/press/news/details/1279137?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version