ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында ерекше күтімді қажет ететін балаларға қолдау көрсету мақсатында «Қайырымды іс – жан азығы» атты тағылымды іс-шара өтті. Жүрекке жылу сыйлайтын игі бастама балаларға қуаныш сыйлап, олардың арман-тілектерін орындауға және ерекше қамқорлықты қажет ететін бүлдіршіндерге қолдау көрсетуге бағытталды.
Оған облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ шараға атсалысқан демеушілер марапатталды.
Облыс әкімінің орынбасары балалық шақтың әр бала үшін маңызды кезең екенін атап өтіп, балалардың құқықтарын қорғау мен олардың жан-жақты дамуына жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды.
– Балалық шақ – әр адамның өміріндегі ең бақытты әрі қайталанбас кезең. Әр баланың шат күлкісі мен жарқын арманы – еліміздің ертеңіне деген кемел келешегінің кепілі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет» деп атап өтті. Біздің басты мақсатымыз – балалардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ету, олардың қабілетін ашуға мүмкіндік беру және болашаққа нық қадам басуына барлық жағдайды жасау. Әрбір бала бақытты балалық шаққа, қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, қауіпсіз ортаға және өз арманына сенуге құқылы, – деген Ертай Кенжебекұлы іс-шараға атсалысып отырған ұйымдастырушыларға, демеушілерге, ата-аналарға, еріктілерге және қайырымды жандарға ерекше алғысын білдірді.
Іс-шара барысында 20-ға жуық баланың көптен күткен тілегі орындалып, оларға арнайы сылықтар табысталды. Атап айтқанда, балалардың біріне велосипед сыйға тартылса, енді біріне қажетті жиһаз алуға және киім дүкенінен сауда жасауға сертификаттар берілді. Сонымен қатар Арыс, Кентау, Түркістан қалалары мен Сауран, Бәйдібек және Созақ аудандарынан келген ерекше балалар қатысып, оларға да сый-сияпат тапсырылды.
Балалар үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. 200-ге жуық бала «TURAN MALL» сауда орталығындағы «Prime Cinema» кинотеатрында мультфильм тамашалады. Бұдан бөлек, мерекелік дастархан жайылып, балалар естелікке суретке түсті. Сондай-ақ олардың жас ерекшелігі мен мүмкіндіктеріне қарай бейімделген жеңіл әрі қауіпсіз ойындар ұйымдастырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1279157?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version