Үйлестіру кеңесінің отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

24 тамызда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Омбудсмен Артур Ластаевтың төрағалығымен өткен отырыс барысында кіші топ жетекшілерінің 2026 жылға арналған Жиынтық баяндаманы дайындау барысы туралы ақпараты тыңдалып, оны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі – Ұлттық алдын алу тетігі АТ) қатысушыларының қызметін тиімді үйлестіру мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган.

ҰАТ азаптаулардың немесе басқа да қатыгез, адамдық қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу миссиясын жүзеге асырады. Осы мақсатта оның қатысушылары қоғамнан оқшаулау және бас бостандығынан айыру орындарына, мәжбүрлеп емдеу ұйымдарына, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге превентивтік сипаттағы баруларды жүзеге асырады.

Үйлестіру кеңесі жыл сайын ҰАТ қатысушыларының жабық мекемелердегі адамдарды ұстау жағдайларына қатысты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға енгізген ұсынымдары негізінде Жиынтық баяндама дайындайды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1279285?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version