«Жаңа халықтық конституцияның нормалары мен құндылықтары : адами капиталды дамыту –білім беру жүйесінің стратегиялық негізі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21тамыз 2026 жылы Аягөз ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен дәстүрлі тамыз конференциясының шетел тілі бірлестігінің секциялық отырысы өтті. Жиынды Аягөз аудандық білім бөлімінің әдіскері Жақсыбаева Бибигуль Мырзабеккызы сөз басын білім министр Сулейменова Жулдыз Досбергеновна құттықтау видеосымен бастап, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Ауданнан барлығы 39 ұстаз қатысты. Күн тәртібін басшылыққа ала отырып , аудандық ағылшын тілі пән білестігінің ассоциация жетекшісі Р.Т Омарова «Жаңа халықтық конституцияның нормалары мен құндылықтары : адами капиталды дамыту –білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында баяндама оқып , әріптестерімен жаңа 2026-2027 оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хатта көрсетілген жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы айтып, таныстырды. Шетел тілі бірлестігінің отырысында:

1.” AI tools in English teaching “баяндамасымен Телеуова Жанар Лаубаевна “№ 11ЖОББМ”,

2.” Жасанды интеллект және 4К дағдылары: communication,collaboration, creativity, critical thinking.” Кенжебаева Айнур Есенкановна “№5 ЖОББМ

3. «Жасанды интеллект арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту ” Джанабекова Айғыз Кадыровна мен Дюсембекова Камила Толегеновна “Қалалық көпбейінді қазақ мектеп -гимназиясы” КММ өз іс –тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлерге «Жаңа конституция: білім,ғылым, инновация және адами капитал –мектептің жаңа стратегиялық бағдарлары» тақырыбында дәстүрлі аудандық тамыз конференциясының секциялық отырысында іс –тәжірибесімен бөліскені үшін сертификаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1278887?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version