Ағымдағы жылдың 21 – тамыз күні “№5 жалпы орта білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдары» тақырыбында аудандық физика пәні бірлестігінің секциялық отырысы өтті.
Отырыс барасында Аягөз аудандық білім бөлімінің ғылыми – әдістемелік кабинетінің әдіскері С.Т.Исаева «Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдары» тақырыбында баяндамасын оқып, 2026 – 2027 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатта енгізіліген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті.
Сонымен қатар , “Жасанды интеллект және физика ” тақырыбында “”№3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі”” КММ-нің физика пәні мұғалімі нагашбекова Еркежан Кайратовна, «Негізгі және жалпы орта білім беру: сапалы өзгерістер және кәсіби даму» тақырыбында «С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің физика пәні мұғалімі Курмашева Шырай Нурлановна іс – тәжірибелерімен бөлісті.
Отырыс соңында пән мұғалімдері өзара пікір алмасып, жаңа оқу жылында білім беру процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу және оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша нақты ұсыныстар дайындады.
Іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестерге алғыс білдіріліп, алдағы оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен әдістемелік бағыттар бекітілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1278785?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау