Жастардан – қамқорлық пен көмек
Құлынжон ауылдық округінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелері жалғыз тұратын тұрғындарға көмек көрсетті.
Жастар аула аумағын тазалап, шөптерді жинап, үй маңын ретке келтіруге қолғабыс етті. Осындай игі істер арқылы жастар үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, қамқорлық пен жанашырлықтың үлгісін танытуда.
Қоғамға пайдалы еңбекке белсене араласып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдірген «Жасыл ел» жастарына алғысымызды білдіреміз!
Жақсылық жасау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-kulynzhon/press/news/details/1279102?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау