Атырауда полицей шетелдік саяхатшыларға көмек көрсетті.
22 тамыз күні Атырау – Астрахань тасжолымен жаяу саяхаттап бара жатқан Чили және Қытай Халық Республикасының азаматтары күннің ыстығында сусындары таусылып, жол бойында аялдауға мәжбүр болған.
Қызметтік міндетін атқарып жүрген Құрманғазы аудандық полиция бөлімі уақытша ұстау изоляторының бастығы Ерсін Гайнетов жол бойынан шетелдік саяхатшыларды байқап, бірден көмекке келген.
Полиция қызметкері саяхатшылармен сөйлесіп, жағдайларын сұрап, қажетті сусын алып, оларды көлігіне отырғызған. Сондай-ақ қажетті бағыт-бағдар беріп, сапарларын қауіпсіз жалғастыруына жәрдемдескен. Шетелдік қонақтар соңғы бағыты Грузия елі екенін айтып, Қазақстан аумағы арқылы саяхатын жалғастырған.
Жол үстіндегі бір сәттік көмек саяхатшылардың Қазақстан туралы жылы әсерін қалыптастырары сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1278929?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау