2026 жылдың 25 тамызынан бастап жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа талаптар күшіне енеді.
Электросамокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынады. Веложол немесе веложолақ болған жағдайда тек солармен жүру қажет. Олар болмаған кезде жол қозғалысы қағидаларына сәйкес жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен жүруге рұқсат етіледі.
Жолдың жүру бөлігінде 18 жастан асқан, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар және қорғаныш шлемін пайдаланатын адамдарға ғана жүруге рұқсат етіледі.
Мопедтер тек жолдың жүру бөлігімен қозғалуы тиіс. Жолды жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өткен кезде самокат, велосипед және мопед жүргізушілері көліктен түсіп, оны жанында жетектеп өтуге міндетті.
Жолаушы тасымалдауға, рөлде отырғанда телефон пайдалануға, қараңғы уақытта жарық шағылғыстырғыш элементтерсіз жүруге тыйым салынады.
Автокөлік жүргізушілері де барынша мұқият болуы керек: қиылыстарда, аула аумақтарында, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және самокат пен велосипед пайдаланушылары күтпеген жерден пайда болуы мүмкін жерлерде жылдамдықты төмендетіп, жол жағдайының өзгеруіне дайын болыңыздар.
Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет. Ата-аналар балаларға жол қозғалысы қағидаларын ерте жастан үйретіп, самокат, велосипед, мопед және мотоцикл пайдалануын бақылауы тиіс.
Дереккөз: ШҚО ПД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1279924?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау