ӘР ӨТІНІШ – НАЗАРДА, ӘР МӘСЕЛЕ – БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
 
Қабылдауға жазылған 9 азамат 10 мәселе бойынша өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Әрбір тұрғынның мәселесі мұқият тыңдалып, көтерілген сұрақтардың шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.
 
Жеке қабылдау барысында тұрғын үй кезегі, ауыз сумен қамту, электр желілерін жөндеу, түнгі жарықтандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік мәселелер көтерілді.
 
Атап айтқанда, Ленгір қаласы мен ауылдық округ тұрғындары тұрғын үй кезегіне қатысты мәселелерін айтып, ауыз сумен қамтамасыз ету, электр бағаналарын жөндеу және көшелерді жарықтандыру бойынша ұсыныстарын білдірді.
 
Әрбір өтініш – жай ғана мәселе емес, тұрғынның күнделікті өміріне қатысты маңызды сұрақ. Сондықтан қабылдау барысында айтылған әр ұсыныс назарға алынып, тиісті жауапты бөлімдер мен мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Мәселелердің орындалу барысы бақылауға алынды.
 
Халықпен тікелей жүздесіп, елдің мұң-мұқтажын тыңдау – өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, олардың шешімін табуға мүмкіндік береді. Басты мақсат – тұрғындардың өтінішін тыңдап қана қоймай, нақты нәтижеге қол жеткізу.
 
Тұрғындардың үні естіліп, әрбір мәселенің шешімі табылғанда ғана халық пен билік арасындағы сенім нығая түседі. Осы бағыттағы жұмыстар Төлеби ауданында алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1279731?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version