Елорда прокуратурасы құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтарды анықтау үшін дрондар қолдана бастады.
Сақтандырудың болмауын, биіктікте қауіпті жұмыстардың жүргізілуін немесе заңсыз жұмыс күшінің тартылуын құрылыс салушылар енді жасыра алмайды.
Алғашқы 3 айда арнайы техниканың объективіне мыналар түсті:
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы талаптарды бұзған 20 құрылыс нысаны;
- 13 жұмыс беруші әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды;
- 7 әкімшілік құжат – қаралуда.
Астана қаласының прокуратурасы «әуе бақылауының» мақсаты – азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбекті қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Астана қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1279322?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау