Астаналық педагог «Таза Қазақстан» идеясын шығармашылығымен дәріптеп жүр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласындағы №33 жалпы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мухамеджанов Әлімжан «Таза Қазақстан» жобасын қолдап, мектеп аумағын көркейтуге өз үлесін қосып келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қолынан түрлі өнер келетін шебер ұстаз мектеп қабырғасына «Таза Қазақстан» идеясын бейнелейтін сурет салып, пайдалануға жарамсыз пластик бұйымдардан сәндік ағаштар жасап, білім ордасын ерекше шығармашылық кеңістікке айналдырып жүр.

Педагог бұл бастамасы арқылы оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың, тазалықты сақтаудың және тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдаланудың маңызын көрсетіп келеді.

Осындай шығармашылық жұмыстар мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейді.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge  @TazaQazaqstan

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1279649?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version