Шымкент қаласында 2026–2027 жаңа оқу жылына дайындық аясында мектептердің маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің жол таңбалары жаңартылып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.
Негізгі мақсат – білім беру ұйымдарының маңында қауіпсіз орта қалыптастыру, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Сонымен қатар, мектептер маңындағы жол қозғалысын реттейтін жол белгілері мен өзге де техникалық құралдардың жағдайы тексеріліп, белгіленген талаптарға сәйкестендірілуде.
Жаңа оқу жылы қарсаңында балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1279673?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау