«Бейбітшілік үшін өткенді ұмытпайық»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

29 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылған күніне орай «Бейбітшілік үшін өткенді ұмытпайық» атты тарихи сағат өткізілді.

Іс-шара барысында Семей ядролық полигонының тарихы, оның халыққа тигізген зардаптары және ядролық қарудан азат болудың маңызы туралы танымдық ақпараттар берілді. Ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтар еске алынып, бейбітшіліктің қадірі мен адамзат үшін қауіпсіз әлем құрудың маңызы айтылды.

Сонымен қатар қатысушыларға тақырыпқа байланысты кітаптар таныстырылып, тарихи деректермен танысуға мүмкіндік берілді.

Тарихты ұмытпай, бейбітшілікті бағалау – баршамызға ортақ міндет екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1279754?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version