Бесқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
Бүгін Бесқарағай аудандық мәслихатының (сегізінші шақырылым) кезектен тыс қырық бесінші сессиясы ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті.
Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Алмас Танибекович Тастенбеков және аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Майгуль Канатовна Абылкасова қатысты.
Күн тәртібінде Бесқарағай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/2-VIII «2026–2028 жылдарға арналған Бесқарағай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселе жан-жақты талқыланып, тиісті шешім қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragaymaslikhat/press/news/details/1279484?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау