Целиноград ауданында мемлекеттік қызмет қатары жас мамандармен толықты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің келісімі негізінде конкурс өткізілместен келесі жас мамандар тағайындалды:

🔹 Ерназар Арманұлы Сағындық – А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін 2026 жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдап, Целиноград ауданының Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.

🔹 Тойбатыр Нұрсұлтан Амангелдіұлы – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетін 2026 жылы «Қорғаныш орман өсіру» мамандығы бойынша тәмамдап, Целиноград ауданының Талапкер ауылы әкімі аппаратының бас маманы лауазымына тағайындалды.

🔹 Ашубасар Назерке Карбайқызы – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетін 2026 жылы «Табиғат пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдап, Целиноград ауданының Ақмол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына тағайындалды.

Жас мамандарды жаңа қызметтерімен құттықтаймыз! Оларға жауапты қызметтерінде табыс, кәсіби жетістіктер және ел игілігі жолындағы жемісті еңбек тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1279864?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version