Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер мен қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру мәселелері бойынша түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мамандары Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуллаұлы және Райымбек Айнель Алтынбекқызы қатысты.
Іс-шара барысында еңбек заңнамасындағы жаңашылдықтар, жұмыс беруші мен қызметкердің құқықтары мен міндеттері, еңбек қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және қызметкерлерді міндетті сақтандыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Мамандар қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.
Кездесудің басты мақсаты – азаматтардың еңбек құқықтары жөніндегі құқықтық сауаттылығын арттыру, жұмыс берушілерге заң талаптарын түсіндіру және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.
Еңбек адамының құқығын қорғау – заң талаптарын сақтаудан басталады.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау