IOI 2026 олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ташкентте өткен информатикадан халықаралық олимпиадада (IOI 2026) жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар елордаға оралды.

Астана әуежайында жас чемпиондар мен олардың жетекшілерін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, ата-аналары, ұстаздары мен достары қарсы алды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлдегер атанды. Олар 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды. Бұл – еліміздің осы халықаралық олимпиадаға қатысу тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі.

Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, әлемдік жеке есепте 5-орын иеленді. Мансур Мамадахунов, Асқар Әкежан және Алдияр Сейтбай күміс жүлдегер атанды.

Ұлттық құрамаға Темірлан Сатылханов пен Айбек Қуанышбай жетекшілік етті.

Жас чемпиондарымызды, олардың жетекшілерін, ұстаздары мен ата-аналарын жоғары халықаралық жетістікпен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1279507?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version