Маңғыстау облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

24-28 тамыз аралығында Маңғыстау облысының аумағында заңсыз аң аулаудың алдын алу және оның жолын кесу, табиғи ресурстарды қорғау мен сақтау мақсатында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аңшылық саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңсыз аң аулау фактілерін анықтау және болдырмау, сондай-ақ табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту.

Іс-шара аясында облыс аумағында рейдтік және профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, аңшылық алқаптарында заң талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. Заңсыз аң аулау, аңшылық құралдарын белгіленбеген тәртіппен пайдалану және табиғи ресурстарға зиян келтіру фактілерін анықтауға ерекше назар аударылуда.

Сонымен қатар, тұрғындар мен аңшылықпен айналысатын азаматтарға табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарға заңсыз аң аулаудың қоршаған ортаға келтіретін зияны және мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік түсіндірілуде.

Полиция қызметкерлері табиғи ресурстарды қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады. Заң талаптарын бұзған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

https://www.instagram.com/p/Dcdc2NiuNu9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1279685?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version