Марат Аюпов Қызылжар ауданының прокуроры болып тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылжар ауданы әкімінің аппаратында ауданның жаңа прокуроры – Аюпов Марат Мұхтарұлы таныстырылды.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Дәурен Ержанов, Қызылжар ауданының әкімі Бейбіт Исманов, құқық қорғау органдарының, аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Марат Аюповтың 18 жылдан астам еңбек өтілі бар, оның 11 жылдан астамы прокуратура органдарындағы қызметке тиесілі. Еңбек жолын Мамлют ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Әр жылдары Қызылжар ауданы прокурорының аға көмекшісі, облыс прокуратурасы басқармасының прокуроры, Петропавл қаласы прокуратурасы бөлімінің бастығы, облыс прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін облыс прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасын басқарды.

Таныстыру барысында облыс прокурорының орынбасары Дәурен Ержанов жаңа басшының кәсіби білімі мен мол тәжірибесін атап өтіп, оның білімі мен тәжірибесі ауданда заңдылықты нығайтуға, тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ прокуратура органдарының мемлекеттік органдармен және халықпен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Іс-шара соңында Марат Аюповқа жаңа қызметінде табыс, жұмыста принципшілдік және Қызылжар ауданы тұрғындарының игілігі жолындағы қызметіне толағай жетістіктер тілінді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kyzylzhar/press/news/details/1279477?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version