2026 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің өкілі Ш.Ы. Ахынова Департамент қызметкерлеріне медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптаманы ұйымдастыру және жүргізуге қатысты өзекті мәселелер қаралды, оның ішінде:
* мүгедектікті алғашқы рет белгілеудің жоғары көрсеткіштері және сыртқы проактивті куәландыру көрсеткіштерінің төмендігіне байланысты проблемалық мәселелер;
* Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу тәртібі;
* күмән тудыратын медициналық-әлеуметтік сараптама актілері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және бақылауды күшейту мәселелері;
* мүгедектікті белгілеудің негізділігіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің проактивті форматта сапалы көрсетілуіне бақылауды күшейту;
* МӘС ақпараттық жүйесіне құжаттарды енгізу және толтыру тәртібінің сақталуы;
* медициналық ұйымдардың азаматтарды МӘС-ке жіберуінің негізділігі мен уақтылығы.
Семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау, қабылданатын сараптамалық шешімдердің негізділігіне бақылауды күшейту, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау, қабылданатын шешімдердің негізділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру қажеттілігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1279518?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау