Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Лаура Нурбаева Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа редакциядағы Заңында көзделген негізгі ережелер мен жаңашылдықтар түсіндірілді.

Енгізілген өзгерістерді практикада қолдану мәселелеріне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1279718?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version