Оңай табыс іздеді – 7 жылға сотталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыдан Ақтауға келген 20 жастағы бойжеткен Telegram арқылы есірткіні «тығын» (закладка) тәсілімен таратуды көздеген.

Қылмыстық әрекеті дер кезінде әшкереленіп, оның жанынан синтетикалық психотроптық заттардың 27 орамы тәркіленді.

Ақтау қалалық сотының үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. (Үкім заңды күшіне енді.)

Telegram арқылы «оңай табыс», «курьер» немесе «закладка» сияқты жұмыс ұсынатын хабарламалар – ақша табудың жолы емес, қылмыстық жауаптылыққа апаратын жол.

Бірнеше мың теңге үшін өміріңізді құртып алмаңыз!

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1279682?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version