Қалтада 246 «закладка»: Ақтөбеде есірткі таратушылардың әрекетіне тосқауыл қойылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жедел ақпаратты іске асыру барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе
қаласының өнеркәсіптік аймағында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады.
Ұсталғандардың бірін жеке тінту кезінде ішінде жасыл түсті, өзіне тән иісі бар зат салынған 246 орама анықталып, тәркіленді. Оқиға
болған жерді тексеру барысында полиция қызметкерлері тағы 133 ораманы тәркіледі.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер есірткіні Telegram мессенджеріндегі интернет-дүкен арқылы сатып алып, оны жасырын
орындарға жасыру арқылы таратқан.
Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы және
есірткінің заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталуда.
Полиция есірткі заттарын дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1279932?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version