Маңғыстау облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен республикалық «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 33 жастағы ер адамды ұстады.
Жеке тінту барысында күдіктіден есірткіге ұқсас зат салынған 20 бума анықталып, тәркіленді. Одан әрі жүргізілген іс-шаралар барысында полицейлер тағы бір ер адамды ұстады. Lexus RX 330 автокөлігін тексеру кезінде кастетке ұқсас зат анықталып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 1,92 грамм болатын альфа-PVP есірткі заты болып шықты. Сондай-ақ медициналық куәландыру нәтижесінде ұсталғандардың есірткіге масаң күйде болғаны анықталды.
Оларға қатысты тиісті жауапкершілік шаралары қабылданды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1279666?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау