Қауіпсіздік үшін цифрландыру: ҚАЖ мекемесінде кіруді бақылау күшейтілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Степногорск қаласында қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін жаңғырту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Степногорск қаласының әкімдігі Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №5 мекемесіне домофон жүйесін орнатуға қаражат бөлді. Жаңа жабдық мекемеге кіруді бақылауды күшейтіп, объектінің қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда цифрландыру қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мекемелерде заманауи бейнебақылау жүйелері, цифрлық байланыс құралдары, электрондық сервистер және қауіпсіздік пен қызметтік жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да техникалық шешімдер кезең-кезеңімен енгізілуде.

№5 мекемесіне домофон жүйесінің орнатылуы инженерлік-техникалық қауіпсіздік құралдарын жаңғырту жұмыстарының кезекті кезеңі болып табылады.

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінде заманауи технологияларды одан әрі енгізу мекемелердің қорғалу деңгейін арттырып, қызметтік міндеттерді орындаудың тиімділігін күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaqmola/press/news/details/1279373?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version