Қауіпті өндірістік объектіде оқу-жаттығу шарасы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторы қауіпті өндірістік объектіде ұйымдастырылған «Электр тоғымен зақымдану» тақырыбындағы оқу дабылына қатысты.

Аталған іс-шара өндірістік алаңдардағы еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, персоналдың төтенше жағдайлар туындаған кездегі жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіруге және ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталды.

Оқу-жаттығу жиыны барысында «Фирма Родник» ЖШС өндірістік учаскесінде жұмыскердің электр тоғымен зақымдану сәті модельденді. Төтенше жағдай орын алған сәтте зардап шеккен тұлғаға алғашқы медициналық көмек көрсету, апаттық орынды оқшаулау және шұғыл қызметтерді жедел шақыру алгоритмдері іс жүзінде сапалы пысықталды.

Іс-шара қорытындысы бойынша басқарма  өкілі тарапынан мекеме қызметкерлеріне анықталған кемшіліктерді жою, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау жөнінде нақты ұсыныстар мен тиісті ескертулер берілді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1279832?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version