Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес Сайрам ауданында еңбек қатынастары саласындағы міндетті сақтандыру мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге Департаменттің «Еңбек заңнамасы бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Олжаев Баходир Абдиганиұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның өкілі Райымбек Айнель Алтынбекқызы және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі, Мансап орталығының басшылары мен аудан кәсіпкерлері қатысты.
Кездесу барысында Ғалымжан Сейдуәліұлы жұмыс берушілерге өндірістегі жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандырудың маңыздылығын түсіндіріп өтті. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиға орын алған жағдайда әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ, міндетті сақтандыру шартын жасасу тәртібі, жұмыс берушінің Еңбек кодексінің заңнамалаық талаптарында көзделген міндеттері және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді.
Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, еңбек заңнамасы талаптарын сақтау бойынша қажетті ұсынымдар ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1279409?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау