Абай облысы Полиция департаменті азаматтарға телефон нөміріне жаппай SMS-хабарламалар келетін «СМС-бомбинг» жағдайында сақтық шараларын сақтауды ұсынады.
СМС-бомбинг кезінде телефонға қысқа уақыт ішінде көптеген хабарлама келуі мүмкін. Олардың арасында әртүрлі сервистерге тіркелу туралы хабарламалар, жарнамалық ұсыныстар және кіруді растау кодтары болуы ықтимал.
Осындай жағдайда алаяқтар телефон арқылы өздерін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырады. Ол жаппай SMS-шабуылды анықтағанын хабарлап, абонентке «антиспам» қызметін қосуды ұсынып, келген SMS-кодты айтуды сұрауы мүмкін.
SMS арқылы келген растау кодын басқа адамдарға бермеңіз. Мұндай кодтар аккаунтқа кіруді немесе белгілі бір операцияны растау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Егер телефонға қысқа уақыт ішінде көп мөлшерде хабарлама келсе:
сабыр сақтап, келген кодтарды ешкімге хабарламаңыз;
күмәнді қоңыраулар кезінде қоңырау шалушының нұсқауларын орындамаңыз;
қажет болған жағдайда телефонды уақытша ұшақ режиміне ауыстырыңыз;
мобильді байланыс операторына хабарласып, жағдай туралы ақпарат беріңіз;
егер SMS-код бөгде адамға айтылып қойса, тиісті сервиске, банкке немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарласыңыз.
Кез келген күмәнді жағдайда ақпаратты ұйымдардың ресми байланыс арналары арқылы тексерген жөн.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1279402?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау