Балаға мүгедектік қандай жағдайда белгіленеді?
Жауап:
Негізгі негіз — организм функцияларының тұрақты бұзылуы және соның салдарынан *тіршілік әрекетінің шектелуі (ТӘШ)*.
Мүгедектікті анықтауда диагноздың өзі ғана емес, *аурудың баланың күнделікті өміріне әсері* ескеріледі.
ТӘШ:
* өзіне-өзі қызмет көрсету;
* жүріп-тұру;
* бағдарлану;
* қарым-қатынас;
* оқу;
* мінез-құлқын бақылау қабілеттерінің шектелуінен көрінуі мүмкін.
Мүгедектік қандай мерзімге белгіленеді?
Жауап:
Мүгедектік:
6 айға немесе 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға**, ал тұрақты және қайтымсыз бұзылыстар кезінде 7 немесе 18 жасқа дейін белгіленуі мүмкін.
6 айға немесе 1 жылға қашан белгіленеді?
Организм функцияларының *қалпына келуі немесе айтарлықтай жақсаруы күтілетін* жағдайда.
Мысалы: жарақаттан, операциядан немесе аурудан кейін оңалту нәтижесінде баланың жағдайы жақсаруы мүмкін болса.
2 жылға қашан белгіленеді?
ТӘШ *тұрақты сипатта*, бірақ функцияларды қалпына келтіру немесе жақсарту мүмкіндігі әлі бар кезде.
Мысалы: тұрақты қозғалыс, сөйлеу, көру, бүйрек және басқа да функциялардың бұзылыстары.
5 жылға қашан белгіленеді?
Ұзақ, созылмалы немесе тұқым қуалайтын аурулар кезінде ТӘШ ұзақ уақыт сақталса.
Маңызды: балалар аутизмі, Аспергер синдромы және атипиялық аутизм кезінде бастапқы куәландыру барысында мүгедектік *5 жылға* белгіленеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1279856?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау