21 тамыз күні Аягөз ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен дәстүрлі аудандық тамыз конференциясы аясында тарих және география пәндері мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті.
Конференцияның мақсаты – жаңа оқу жылын- дағы білім беру саласының негізгі бағыттарын айқындау, педагогтердің кәсіби тәжірибесімен бөлісу және сапалы білім мен құқықтық тәрбиені жетілдірудің тиімді жолдарын талқылау.
Өткізілген орны: «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Модератор: Аягөз ауданы білім бөлімінің әдіскері Коккозова Марияхан Тлеубековна Тақырыбы: «Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдарлары». Аталған тақырып аясында білім беру саласындағы жаңа стратегиялық бағыттар мен заманауи талаптар туралы баяндама жасалды.
Жаңа оқу жылының ерекшеліктері:Секция жұмысын бастаған аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Т. Коккозова 2026-2027 оқу жылындағы білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерге тоқталды. Жаңа оқу жылындағы әдістемелік бағыттар, оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен заманауи талаптар жайында кең көлемді таныстырылым жасады.
Іс-тәжірибе және жасалған баяндамалар:Жиын барысында ұстаздар сапалы білім беру мен құқықтық тәрбиені ұштастырудың, сондай-ақ цифрландырудың озық үлгілерін көрсетті:Асқар Дәулет Нұрланұлы («С.Сейфуллин атындағы ЖОБМ») — Жаңа Конституция аясында тарих сабағында оқушылардың азаматтық санасын қалыптастыру және құқықтық тәрбие берудің тиімді жолдарын ортаға салды.Бейсембаева Айжан Канатовна («Тарбағатай ЖОБМ») — тарих пәніндегі цифрлық трансформация мен жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін таныстырды.Саманбетова Жанар Айболқызы («№11 ЖОБМ») — география сабағында жасанды интеллект (AI) құралдарын сапалы білім беруде қолдану тәжірибесімен бөлісті. ҚОРЫТЫНДЫ:Секциялық отырысты қорытындылай келе, педагогтер заманауи мектептегі сапалы білім мен саналы құқықтық тәрбиенің рөлі өте жоғары екенін атап өтті. Жиын соңында жаңа оқу жылында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану, ұлттық құндылықтарды білім мазмұнына сіңіру және оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен азаматтық құзыреттілігін арттыру бойынша нақты қарарлар қабылдады.
Жаңа оқу жылында барша ұстаздар қауымына шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
#АягөзБілім #ТамызКонференциясы2026 #СапалыБілім #ҚұқықтықТәрбие #ТарихГеография #Ұстаздар #ЖаңаОқуЖылы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1279366?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау