Түркістан облысының полицейлер Ақсу өзенінің жағасына тазалық жұмыстарын жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Түркістан облысының полиция қызметкерлері мен еріктілер бірлесіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақсу өзенінің жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Табиғаты көркем өзен маңын тазартуға Сайрам аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Алкен Сейтбеков пен өзге де қызметкерлер белсенді қатысты. Олар өзен жағасын жаяу аралап, тасты жерлерді, бұталар мен әр ағаштың түбін мұқият тазалады. Бірлесе атқарылған жұмыс нәтижесінде жағалаудан 50-ге жуық қап қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

Шара барысында табиғат аясында демалып жүрген тұрғындармен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оларға қоқысты кез келген жерге тастамай, арнайы белгіленген орындарға жинау, өзен жағалауының тазалығын сақтау және табиғатқа жанашырлықпен қарау қажеттігі айтылды.

Табиғатты таза ұстау – бір күндік акция емес, күнделікті мәдениет. Тәртіп сақшылары Ақсу өзенінің тазалығы мен көркі – осы жерде демалатын әрбір адамның ортақ жауапкершілігі екенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1279887?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version