“Жаңа Конституция”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекетіміз бен қоғамымыздың одан әрі дамуын айқындайтын аса маңызды құқықтық негіз. Негізгі Заңның қабылдануы — мемлекеттілікті нығайтуға, заңдылықты қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды тарихи оқиға. Конституцияда бекітілген заңның үстемдігі, әділдік, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттарының маңызы ерекше. Әрбір азаматтың заңды сақтауы және мемлекеттік органдардың өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы — тұрақты әрі қуатты мемлекеттің берік негізі. «Заң және тәртіп» қағидаты да маңызды орын алады. Бұл тек заң талаптарын орындау ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздік, әділдік және бір-бірінің құқықтарын құрметтеу жолындағы ортақ жауапкершілігі. Заң баршаға бірдей болған кезде азаматтардың мемлекетке деген сенімі артып, еліміздің тұрақты дамуына қолайлы жағдай қалыптасады. Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы, этносаралық және конфессияаралық келісім де аса маңызды. Бейбітшілік пен тұрақтылық — баршамызға ортақ қазына. Оны көздің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа аманат етуіміз қажет. Білім, ғылым, мәдениет, инновация және заманауи технологияларды дамыту да Қазақстанның өркендеуінің маңызды негізі болып табылады.
Конституция — жай ғана құқықтық нормалардың жиынтығы емес. Ол — біздің ортақ болашағымыздың негізі, тұрақтылықтың, әділдіктің және қоғамдық келісімнің кепілі. Әрқайсымыздың өзіміздің конституциялық құқықтарымыз бен міндеттерімізді қаншалықты жақсы білуімізге және оларды сақтауымызға бүкіл қоғамның құқықтық мәдениеті мен әл-ауқаты байланысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1279645?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version