Аягөз ауданы білім бөлімі Тамыз кеңесінің 1- інші секция отырысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына Педагогикалық-әдістемелік кеңес өткізілді!
Бүгін №1 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдары» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық/аудандық педагогикалық-әдістемелік кеңес болып өтті.
Кеңес барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен жаңа оқу жылына арналған стратегиялық бағыттар жан-жақты талқыланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
1. «Білім сапасының мониторингі: пәндер бойынша динамика, талдау және түзету шаралары»
Баяндамашы: №11 ЖОББМ ДОІЖО Турысбеков Мухтар Мажитович. Пәндер бойынша білім сапасын талдау, оқушылардың үлгерім динамикасы және білімдегі олқылықтарды түзету алгоритмдері ұсынылды.
2. «AI-Driven School: Оқу процесін басқарудағы жасанды интеллект мүмкіндіктері»
Баяндамашы: №1 ЖОББМ ДОІЖО Мақпал Маратқызы. Оқу процесін цифрландыру, жасанды интеллект куралдарын білім басқаруда тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісті.
3. «Инклюзивті сыныптағы саралап оқыту: барлық оқушыға бірдей мүмкіндік»
Баяндамашы: К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-
гимназиясының ДОІЖО Чинкоджаева Жазира Газизовна. Инклюзивті білім беру ортасында әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті.
4. «2026–2027 оқу жылындағы білім беру процесінің ерекшеліктері мен нормативтік-құқықтық базаның жаңартылуы»
Баяндамашы: Маликова Жанаргуль Ыдырышовна. Жаңа оқу жылындағы нормативтік-құқықтық өзгерістер, оқу бағдарламаларының ерекшеліктері мен басты басымдықтарын таныстырды.
Кеңес соңында қатысушылар еркін микрофон форматында өзара пікір алмасып, сыни сұрақтарға жауап алды. Жиын қорытындысы бойынша іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестерге арнайы сертификаттар табысталды.
Жаңа оқу жылына бағытталған стратегиялық жоспарлар білім сапасын арттыруға жаңа серпін берері сөзсіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1279350?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау