21 тамыз күні №1 ЖОББМ базасында мектепке дейінгі тәрбие саласы бойынша 3-секция отырысы өтті.
Жиын басында мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру әдіскері әрі модератор Көшкінбаева Айғыз Ойратқызы сөз алып, мектепке дейінгі білім мен тәрбие берудегі заманауи жаңашылдықтарға, стратегиялық міндеттерге және алдағы жаңа бағыттарға кеңінен тоқталып, секция жұмысын ашты.
Секция аясында ұсынылған маңызды баяндамалар мен тәжірибелер:
Инновациялық әдістер мен жаңа мүмкіндіктер
Аягөз қалалық №6 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Әлімжан Айдана Ергазыевна мектепке дейінгі ұйымдарда тиімді педагогикалық тәсілдерді енгізу мен тәрбиеші мүмкіндіктерін арттыру жолдарын баяндады.
Халықаралық Реджо Эмилия технологиясы “А.Шах” ЖШС-не қарасты
«Санжар» балабақшасының меңгерушісі баяндамашы Кажыканқызы Анар мектепке дейінгі білім беруде баланың өздігінен ізденуіне жол ашатын әлемдік Реджо Эмилия технологиясын қолдану ерекшеліктерін бөлісті.
Жасанды интеллект – педагогтің заманауи көмекшісі.
Аягөз қалалық №2 бөбекжай-балабақшасының бейнелеу жетекшісі Кусаинова Эльмира Тилековна «ЖИ – идеядан шығармашылыққа дейін» тақырыбында заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізу тәжірибесін көрсетті.
«Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» шебер сыныбы.
Аягөз қалалық №1 бөбекжай-балабақшасының педагогтері – Байдүйсен Руслан Қайратұлы, Сақажанова Тоғжан Бекжанқызы және Баймұқышева Ляззат Бақтыбекқызы жылыжай мен бау-бақша алаңын ұйымдастыру арқылы балаларды ерте жастан еңбекке баулу бойынша пилоттық жобаның нәтижелерін ұсынды.
Секция жұмысы өте мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен қоржындары толып тарқасты!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1279387?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау