Абай облысында профилактикалық есепте тұрған азаматтармен жұмыс кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бесқарағай ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында профилактикалық сипаттағы жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуге Абай облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ержан Ақбаев, пробация қызметінің өкілдері және профилактикалық есепте тұрған азаматтар қатысты. Іс-шараға аудан бойынша есепте тұрған 28 азаматтың барлығы қамтылды.

Жиын барысында қатысушыларға құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау, белгіленген міндеттер мен шектеулерді бұлжытпай орындау, сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Полиция подполковнигі Ержан Ақбаев өз сөзінде профилактикалық есепте тұрған әрбір азаматтың заң талаптарын сақтауы маңызды екенін атап өтті.

«Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – сіздерді тек бақылауда ұстау емес, керісінше, заң талаптарын түсіндіру, дұрыс бағыт көрсету және құқық бұзушылықтың алдын алу. Әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, берілген мүмкіндікті дұрыс пайдалануы қажет. Заңды сақтау – ең алдымен өзіңіздің және отбасыңыздың қауіпсіздігіне деген жауапкершілік. Біз құқық бұзушылық орын алғаннан кейін әрекет етуден гөрі, оның алдын алуға басымдық береміз. Сондықтан белгіленген талаптарды орындап, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамын», – деді.

Полиция қызметкерлері әрбір азаматтың құқықтық жауапкершілігін сезінуі қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу тек бақылау шараларымен шектелмей, түсіндіру, кеңес беру және азаматтарды қоғамға бейімдеу жұмыстарымен ұштастырылатыны айтылды.

«Заң мен тәртіп» қағидатын берік орнықтыру – құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы бағыттағы жүйелі профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, есепте тұрған тұлғалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1280594?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version