Ақмола облысында білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жаңғырту және қолайлы, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы ретте Аршалы ауданындағы білім беру мекемелерінің жылыту жүйелерін табиғи газға көшіру маңызды экологиялық әрі экономикалық бастамаға айналып отыр.
2024–2025 оқу жылында Аршалы ауданында бес білім беру мекемесінің жылыту қазандықтары қатты отыннан – көмірден табиғи газға көшіріліп, газдандыру жұмыстары толық жүргізілді. Атап айтқанда, Аршалы кентінің білім беру мекемесі, Жалтыркөл орта мектебі, Бабатай негізгі мектебі, Ижев орта мектебі және Түрген орта мектебі жаңа әрі экологиялық таза отын көзіне көшті.
Сонымен қатар, 2026–2027 оқу жылында тағы төрт білім беру мекемесін табиғи газға қосу жоспарланған. Қазіргі уақытта Есілжай бөбекжайын, Жібек жолы кентінің мектеп-лицейін, Жібек жолы кентінің жалпы орта мектебін және Аршалы кентінің №1 жалпы орта мектебін газдандыру бойынша тиісті шарттар жасалып, жұмыстар жүргізілуде.
«Білім беру ұйымдары жоғары энергия тиімділігімен ерекшеленетін заманауи газ жабдықтарымен жабдықталған. Жаңа жүйе автоматты режимде жұмыс істеп, оқу жылы бойы ғимараттардың біркелкі жылытылуын және білім алушылар мен педагогтер үшін қолайлы жағдай жасалуын қамтамасыз етеді»,- деп айтты аудандық білім бөлімінің басшысы Жомарт Каирмеденов.
Атап айтсақ, бұл өзгеріс тек білім беру ұйымдарын үздіксіз әрі тиімді жылумен қамтамасыз етіп қана қоймай, қоршаған ортаға түсетін зиянды азайтуға да мүмкіндік береді. Табиғи газға көшу көмірді сақтау, тасымалдау және жағу сияқты қосымша жұмыстарды қысқартады. Атмосфераға тарайтын зиянды шығарындылар көлемін төмендеуіне ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1280322?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау