Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Тамыз 26, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Ақтөбедегі жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Жарияланды:

26/08/2026 09:37

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

23 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жаңғыртылған Ақтөбе қаласының теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бұл – өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жаңғырту жұмыстарының басты мақсаты – вокзалдың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттырып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеру.

🇰🇿 Ақтөбе облысында барлығы 7 теміржол вокзалы жаңғыртылуда. Бұған дейін Шалқар қаласы мен Шұбарқұдық ауылындағы вокзалдар пайдалануға берілген-ді. Бүгін осы қатарға Ақтөбе қаласының жаңарған теміржол вокзалы қосылды.

Ашылу салтанатында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Президенттің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде 124 вокзалға жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде Ақтөбе облысында 7 вокзал күрделі жөндеуден өтті. Бүгін жаңғырту жұмыстарынан кейін Ақтөбе қаласының теміржол вокзалы ел игілігіне берілгелі тұр. Вокзалдың жалпы көлемі 7,3 мың шаршы метр, тәулігіне 6 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Ғимарат заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жолаушыларға барлық қолайлы жағдайлар жасалған», – деді Асылбек Есенбаев.

Жаңғырту жұмыстары кешенді түрде жүргізілді.

Жаңартылған вокзал ғимаратының жалпы ауданы 7 377,52 шаршы метр. Жоба аясында ғимараттың ішкі үй-жайлары қайта құрылып, қасбеті мен шатыры жаңартылды. Сонымен қатар жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері толық ауыстырылды.

Жолаушылар үшін заманауи күту залдары, жаңа кіреберіс топтары және платформалық шатырлар жасалды. Вокзал аумағында бейнебақылау, өрт қауіпсіздігі және қауіпсіздікті бақылаудың заманауи жүйелері іске қосылды.

Әсіресе жолаушылардың барлық санатына қолайлы жағдай жасауға басымдық берілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қарастырылып, нысан заманауи талаптарға сәйкестендірілді.

Ашылу салтанатына облыс басшылығының өкілдерімен қатар теміржол саласының ардагерлері мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өкілдері қатысты.

Теміржол саласының ардагері, құрметті теміржолшы, техника ғылымдарының кандидаты Ыбырай Бисалиев өз сөзінде теміржол саласының қалыптасуы мен дамуына тоқталып, жаңа вокзалдың ел игілігіне қызмет ететініне тоқталды.

Ал «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдин жаңғыртылған нысанның мүмкіндіктері мен теміржол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстарды алға тартты.

Жаңғыртылған вокзал тәулігіне 2 598 жолаушыны қабылдауға қауқарлы.

Ақтөбенің басты теміржол қақпасы жаңарды.

Енді қала тұрғындары мен Ақтөбеге келетін қонақтарға заманауи, жайлы әрі қауіпсіз орта ұсынылады.

Бұл – тек бір ғимараттың жаңаруы емес, өңірдің көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/1280001?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Құрылтай сайлауының қорытындысы: мандаттар қалай бөлінді
Next: Мүгедектігі бар адамдар шипажайды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өздері таңдай алады→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version