-
- Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензияны қалай алуға болады?
Жауап: Лицензия алу үшін ЭЦҚ пайдалана отырып, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өтініш беріп, Қағидаларда көзделген құжаттарды, оның ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтерді ұсыну қажет. Құжаттар тапсырылғаннан кейін аумақтық департамент құжаттарды тексереді және белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жеріне барып тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижелері бойынша лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
- Лицензия алу үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?
Жауап: Белгіленген нысан бойынша өтініш және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтер ұсынылады. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі, медициналық қызметке лицензиясы, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық және өрт қауіпсіздігі саласындағы рұқсат құжаттары туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді мемлекеттік органдар өздері алады.
- Лицензия алу қанша уақыт алады?
Жауап: Лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімде көрсетіледі. Осы кезеңде құжаттарды тексеру, көрсетілетін қызметті алушыға бару, қорытынды дайындау және лицензия беру немесе дәлелді бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдау жүзеге асырылады.
- Өтініш берілгеннен кейін не болады?
Жауап: Өтініш Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы берілгеннен кейін аумақтық департамент 1 жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар толық болған жағдайда, 7 жұмыс күні ішінде құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігі көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жеріне бару арқылы тексеріледі. Тексеру нәтижелері бойынша 2 жұмыс күні ішінде қорытынды дайындалады. Оның негізінде лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
- Лицензия беруден қандай жағдайларда бас тартылуы мүмкін?
Жауап: Негізгі бас тарту негіздері: өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, анық емес құжаттар немесе мәліметтер ұсынуы, ұсынылған материалдар мен объектінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ заңнамада көзделген сот тыйымдарының немесе лицензия беруге кедергі келтіретін өзге де негіздердің болуы. Бас тартуға негіз анықталған жағдайда, түпкілікті шешім қабылданғанға дейін өтініш берушіге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беріледі.
Бейнероликтен толығырақ көріңіз:
https://www.instagram.com/reel/DcgGVCXIg7Q/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1280542?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау