Астанада 29 және 30 тамыз күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.
Жәрмеңкелерде жергілікті шаруалар мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосап және басқа да тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.
Іс-шаралар 29 және 30 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:
- «Keryen Joly» СОО – Алаш тасжолы, 35Б;
- «ERA» базары – Қорғалжын тасжолы, 96.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орындарға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317, сондай-ақ №45, 66, 305 және 312 автобус бағыттары қатынайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1280695?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау