Астанада Қ. Аманжолов көшесінің Ш. Қалдаяков көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 26-29 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1280257?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау