Атырау облысында 7 жаңа мал қорымы салынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мал қорымдарының инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілуде.
2026–2027 жылдары облыстың бірқатар елді мекендерінде 7 жаңа мал қорымын салу жоспарланған.
Қазіргі уақытта аталған нысандарды орналастыруға қажетті жер телімдері белгіленіп, құрылыс жұмыстары басталды.
Жоспарға сәйкес мал қорымдары Жылыой ауданының Жем және Қосшағыл ауылдық округтерінде, Қызылқоға ауданының Ойыл, Тайсойған, Жангелдин және Тасшағыл ауылдық округтерінде, сондай-ақ Мақат кентінде салу көзделген.
Арнайы мал қорымдарының болуы жануарлардың өлекселерін белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес қауіпсіз жоюға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, инфекциялық аурулардың таралу қаупін төмендетіп, қоршаған ортаның санитариялық қауіпсіздігін сақтауға ықпал етеді.
 
Мал қорымдарының талапқа сай орналасуы мен пайдалануға берілуі ауыл шаруашылығы жануарларын өсіретін шаруашылықтар үшін де, елді мекендердегі санитариялық қауіпсіздік үшін де маңызды.
Жұмыстардың негізгі мақсаты – жануарлар арасында аурулардың таралуына жол бермеу және өңірдегі ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1280123?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version