Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудан орталығы Шәуілдір ауылында Құрылтай сайлауы күні ұйымдастырылған жәрмеңкені аралап, сауда-саттық барысымен танысты.
Жәрмеңкеде жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылып, тұрғындарға ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасалды.
Аудан әкімі жәрмеңкеге қатысушылармен тілдесіп, өнімдердің сапасы мен бағасына назар аударды. Сондай-ақ жергілікті өнім өндірушілерді қолдау, тұрғындарға сапалы тауар ұсыну және жәрмеңке жұмысын жүйелі ұйымдастыру жөнінде жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар берді.
Айта кетейік, жәрмеңке Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні тұрғындардың игілігі үшін ұйымдастырылып, аудан тұрғындарының белсенді қатысуымен өтуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1280043?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау